Posted in

БАСАР ТАУ, БАРАР ЖЕРІ ЖОҚ

Не істеп, не қоярын, қайда барарын, кімді паналарын білмеді. ~ Басар тау, бабар жерi жоқ сияқты. Ендi ауылды бейшара күйден құтқаратын ешкiм де жоқ. Ж.Шағ. ~ Барар жер басар таулары қалмаған екі әйел, Хорезмге жататын өз ауылдарына барғылары келмеген. І.Ес. ~ Жол шетiн ала бiр аялдамада тұрып қалдым. Ойлап кеттiм. Бұл қалада барар жер, басар тауым жоқ сияқты. Р.Рай. ~ Мына кісінің де үйі жоқ, — Иегімен мені меңзеді. — Барар жер, басар тауымыз жоқ. Мысалы, менің бүгін қонатын жерім жоқ. Т.Әс.