Posted in

БАСҚА (БАСЫНА) ТЕПТІ

а) Қорлады; қадіріне жетпеді. ~ Әрине, сөз сенікі келмей кетсең, Келер болсаң, иттей қып басқа тепсем, Ішкізіп итаяқтан сары суды Дүниеде арманым жоқ соған жетсем. С.Торы. ~ Бірақ, кеудесінде өрекпіген қуанышты сезе алған жоқ. Жалғыз қалып жалынбай, жан кешкен Жылқайдар … Есіл ерді басқа тепкен хайуан… Көз алдында әлі тұр. З.Шүк. ~ – Көрдің бе мынау иттің басынғаны-ай, Түсірсек екен мұның бәсін қалай! Бейшара-ай, өз бақытын басқа тепкен Қасиетін не құндамай, не сыйламай. К.Мырз.

ә) Ішімдіктің басқа шабуы туралы.