Posted in

БАСТАН КЕШКЕН (кешпеген)

Өмірде өз басынан өткен (өтпеген) оқиға туралы. ~ Шынында солай ма? Бастан кешкен өмірден бір мысал. 3-4 жастар шамасындағы бұтымызды енді-енді жаба бастаған сәбиміз. Жаз кезі. С.Елу. ~ Мен өзімнің соңғы күндері бастан кешкен хәлімді көз алдыма осылай әкелемін. Дауыл сапырып өтті, жан қалды. Енді ес жиып, ойлауыма, өзіме өзім есеп беріп, толғануыма болады! Б.Соқ. Көріп-білмеген, өз басынан өтпеген. ~ Жадау жаның жұмақ самалы желпігендей жадырайды. Бұл сезім, бұл күй бұрын-соңды сен бастан кешпеген шапағат. Алланың шапағаты. С.Елу. ~ Сүйтіп, алты күнді артқа салған жұрт аң-таң. Бұл Арал Арал болғалы, бұл өңірдің ер-азаматтары қолына бір таяу, қос ескек ұстап, қара қайықты суға салып, талап қылған арғы-бергі заманда өмірі бастан кешпеген сұмдық оқиға боп еді, жұрт теңселіп кетті: – Тәңірге не жаздық? Ә.Нұрп. ~ Бастан кешпеген белгісіз қатерді күту ауыр екен. Тұла бойдағы күшті сарқып, жігерді кеміре түседі. Т.Ахт.