Posted in

БАСТАН (басынан) КЕШТІ (КЕШІРДІ)

Басынан өткерді, көрді. ~ Алғаш рет дәл қазіргісіндей бір азапты бастан кешті; іштей өзін аяусыз талап жеген … Н.Дәу. ~ Бадырақ бастан кешірген өмірін баян қылды. І.Жан. ~ Көңілі талай күнгі кірбеңінен жадырағандай. Барлық тіршіліктің жетімсіреткен жүдеу күйін шаққандай, бойы жазылып, бастан кешіріп жүрген халін айта бастады. М.Әу,

.Өмірде басынан өткерген оқиға, жәйт, сезім, заман т.т. туралы. ~ Ойлап отырса, содан бері ол талай-талай қуанышты да, қайғыны да басынан кешірді. С.Ом. ~ Бір сәтте нешетүрлі күйді бастан кешірдім, тіпті миым ойлауды ұмытып қалғандай болды. Ж.Шам. ~ Қолындағы микрофонды қыса ұстап, әуезді саздың иіріміне шым-шым батып бара жатқандай бір ғаламат сезімді бастан кешірді. А.Үс. ~ … кешегі алдынан жан баласы өтпейтін Сталин дүрбелеңін, берідегі жуан жұдырығымен ауаны түйгіштеп «кускинь мать!» – деп кіжініп сөйлеген Хрущев, жазылған парақты қолынан сұсытып әзер оқыған Брежнев, сосынғы тәуелсіз ел боп ес жию кезеңін бастан кешірді. Д.Дос.