а). Айтылған сөзге мән бермеді, ескермеді, естімеген болды. ~ Әлпейім күліп жіберді. Көкбай Абайдың бұл сөзін де басынан асырып, естімеген тәрізденіп былай қойды. М.Әу. ~ Лима ол сөздерді басынан асырып жібергендей, естімегендей сыңай танытатын. Ә.Тар. ~ Сәкінің үстінде шүйіркелесіп отырып, жанына жақпаған бір сөзді осылай басынан асырып тастай бергенде қою қараңғылықты жамылған ағасы үй бұрышынан бұрылып шыға келді. Қ.Түм.
ә). Біреуді елемеді, қалыс қалдырды. ~ Сіз деген оқыған азаматсыз. Такт дейтін болады, сіз оны білуге тиіссіз. Жергілікті партия, совет орындарының басынан асырып, арызды ту Москваға жазғансыз. Б.Соқ.
б) Молынан, аямай д.м. ~ Бай ұлықты күтсе есінен тандырады. Бірақ бай еш уақытта: мынаны былай қып беріңіз,— деп айтқан емес; тек сый-құрметін басынан асыра береді. Ж.Айм.
