Жақсы күндері артта қалды. ~ Сырқат меңдеп, басымнан бақ тайғалы, Көңілімнің жүдеулі ақ тайлағы. Р.Нияз. ~ Қазір заман түзу… Әжімбеттердің басынан бақ тайғаны қашан?! Енді ол бишара қойнындағы қатынына иелік етсе де жарайды. О.Сәрс. ~ Ей, ол Шапырашты — Дулаттың Шалтабайы еді ғой, басынан бағы тайса да ол адам ғой. Б.Қыд. ~ Күдерін үзіп Қобланнан, Ертелі-кеш зар қақты, Басынан бағы тайғасын, Болғанмен қанша ардақты, Ақмоншақ атпен Қарлыға Жетіп келді орғытып Қобланның соңынан. “Қобыланды б.” ~ Бәтима: «Мен өйтпес едім!» дейді. Айтуға жеңіл. Егер Ақбаянның орнында Бәтима болса қайтер еді? Жұрт, әрине, Ақбаянды Әлжанның басынан бағы тайған соң айырылды дейді. І.Ес.
