Еркінсіді, бетімен кетті, әбден басынды, шектен шықты. ~ Мейлі, ит те болса сол төртеуі ғой, Биахметтің арғы- бергі жол шығынын көтеріп жүрген. Шегебай бүйтіп басқа секіре берсе, бір күні… Қ.Жиен. ~ Басын оқ жыланша қайқайтып, көтеріп тастады. — О жазушым, басқа секірме! Артық он сом шамыңа тиді ме? Шаңыраққа қара! М.Қаб. ~ Сапар. Әй, осы сенің мені көрсең жының бар ма? Жолдас, сен сыйлаған сайын басқа секіріп барасың. Қ.Мұх.~ Әйтеуір момындық жақсы еді ғой деп, бәрің бірдей тоқалға бағынып кете жүрмеңдер! Т ө л еш. Бағынғанмен де, не зиян болар дейсің, кімнің басына секіреді беталды. М.Әу. ~ Мына хабар Әбілқайырды көптен толғандырып жүрген сұр сауалға жақсы жауап тауып бергендей. Бақса, патша қонтайшыны бекерден-бекер басына секіртіп жүрмепті. Ә.Кек. ~ Осал мінезін, олқы қылығын көрсе, онсыз да басынан секіріп кеткілері кеп тұратын өзге бауырларының алдында ылғи нық, шегедей нық көрінуші еді ғой. Ә.Кек.
