Қиын-қыстау жағдайға кезікті; қауіп-қатер төнді, өміріне қауіп төнді. ~ Осылайша қайшалысқан қалың телеграмма қазақтардың басына қара бұлт үйірді. Ж.Шәк. ~ Қадірлі аға! Сен дүниеге келгенде ел басына бұлт үйіріліп, сұрқай көңілдің кенересі сөгілген екен. Ол соғыстың басталуы болатын. Ә.Ысқ. ~ …осыдан екі жыл бұрын Іле-Балқаш жаққа астыртын барып қайтқан Әбиболланың да басына бұлт үйіріле бастады. Б.Тоғ. ~ Қара тартып келген жалғыз бас жігітті бауырларына тартып, бәрін бергісі келіп, исініп тұрғандай болған олар. Ұзаққа бармай, қашқын жігіттің басына тағы да қатерлі қара бұлт үйірілді. Т.Рыск.
