Posted in

БАСЫНА СУ ҚҰЙДЫ

а) Әлдебір соманы ұстап қойды, бітірді, тауысты, біржақты қылды. ~ Қажетті нәрселерімізді дер кезінде түгел алып қоймасақ болмайды. Жұмсалып кетеді. Кеше, әне көрдің ғой, бір кештің арасында отыз сомның басына су құйдық. Б.Соқп.
ә) Құртты, керексіз қылды. ~ Болашақ мақаланың басына су құйылды. Өйткені түп қазық факт жоқ. Командировка рәсуа болды. М.Қаб. ~ Қойшы әйтеуір, жарты жылда екі жігіттің басына су құйған. Одан кейінгі көңіл қосқаны – Гиви. Ең ұзақ тұрақтаған сол. Т.Сәу.