Діндарлыққа салныды, молда болды.~ Бүйте берсе, құлшылығын қуып, қажыға да кетер. Басына сәлде орап, зiкiр салып, бiр күнде “әпендi” боп келген Байды көрiп жүрмейiк! – дедi. М.Әу. ~ Маңдайын сәждеге тигізіп, бетін құбылаға қаратып бір жығыла алмай кететін болды. Заманында Құдайға қарсы оқ атқан талай қызыл коммунистер кейін басына сәлде орап, молда боп кеткен жоқ па?! Ү.Жәл. ~ Тәкежан тырсиып, күйіп отыр еді. Ұрса жөнелді: – Ондай сопы болсаң, басыңа сәлде киіп, Дәркембайға арнап құшыр жисаңшы! – Қажет болса, құшыр да жиям. Халық қырылар болса, амандығым садаға!.. М.Әу.
