Posted in

БАСЫН АШЫП АЛДЫ

Ең алдымен нақты бір күрделі мәселенің түйінін шешті, егжей-тегжейін білді. ~ Бұл мәселенің басын ашып алу мақсатымен ол кеспекті шайқап – шайқап қойды, су орталап қалған екен. Ш.Айт. ~ Ферма меңгерушілері осындай мәселені шеше алмаса не болғаны деп ойлаған. Осы күдігінің басын ашып алғысы келді де. С.Бақ. ~ Әңгіменің басын ашып алғаны жөн. Бұл «өзі де қашқалы тұрған қоян еді, мылтық атқан соң не оңсын» дегендей майда-шүйде кеп емес-ті. Д.Дос. ~ Сонда, менің тарапымнан қандай көмек бола алады?- деді ол мәселенің басын ашып алмақ боп. Д.Ис.