Posted in

БАСЫН БАЙЛАДЫ

Тағдырға мойын ұсынды, қатерлі шешім қабылдады; біреуге өмірін қосақтады. ~ Ханым ханға бетін көрсетпеу керек, тым болмаса, бүгінгі түні жасыру керек. Енді қайтпек? Неге болса да басын байлады. Ж.Айм. ~ Онда оның алды да, арты да — қараңғы көр еді ғой. Онда адам болам деген үміт жоқ, қорлыққа да, зорлыққа да, өлімге де, ұятқа да басын байлаған еді. Ж.Айм. ~ … көркіне ақылы сап өжет қыздың сол кезде жұрттың бәрі іске алғысыз “сүмелек” деп атап кеткен жігітке қалай ғана басын байлағанын оншама бажайлап жатқым келмейді … Ф.Дост. ~ Ұлбосын Күреңбайды онша шет көре қоймаса да, құлақкесті құл атанған жоқ-жітікке басын байлағысы келмей, ретім келмейді деп бірден меселін қайтарып тастаған. С.Ом.