Posted in

БАСЫН ЖАРЫП, КӨЗІН ШЫҒАРДЫ

Ту-талақайын шығарды, быт-шыт қылды. ~ Тіпті ызалы, жыртқыш боп, бұның басын жарып, көзін шығарып қор етуге де барар еді. М.Әу. ~ Із қарауыл, атығай жұртына тірелді деп отыз сотқар сойқанды салып, ол жүр. Енді олардың басын жарып, көзін шығарып жіберейін деп сендер қамданып жатырсыңдар. С.Жүн. ~ Мұны кім айтқызып тұр? — деп сұрады. Орысшасы өте нашар екен, орыс сөздерінің басын жарып, көзін шығарып сөйледі. Б.Қыд. ~ Соның беделімен, тамыр-таныстық деген кәрі кеселдің көмегімен ол да кандидат деген атқа ие боп алған. Қазір ол бір институтта «басын жарып, көзін шығарып», әдебиеттен сабақ береді. Ә.Нұрш. ~ Мінезі де тентек жігіт, үлкен демей, кіші демей «сен» деп сөйлейді. Әзірге ешкімнің басын жарып, көзін шығарған емес. C.Мұр.