Көзін құртты, жалмады, түбіне жетті.
~ Алдымен болыстың басын жұтамыз… — деген айқай, гуілдеген, дүрілдеген кеуде, тепсінген тегеуірін. Ж.Айм. ~ Осыдан біраз жыл бұрын әлемдік саясаттың дүлдүл тұлпары, АҚШ–тың әлденеше Президентімен істес болған, әлденеше Президенттің басын жұтқан Звигнев Бзежинский атбасын қазақ еліне бұрған, саясаткердің болса – шығар алдыма, ашық теледидар сайысына түсіп, қалың нөпір көрермендер алдында бір–бірімізге азу басып, шайнасып көрелік деп Премьердің алдына орамал тастапты. Д.Дос.
