Posted in

БАСЫН ШАРҒА САЛДЫ (БАСЫ ШАРҒА ТҮСТІ)

Басы дауға қалды, әуре-сарсаңға түсті, пәлеге ұрынды. ~ Шарға салып басыңды, Бола көрме сен құмар». Қанша айтса да Естеміс, Барғысы келді баланың, «Түсірем,— деп,— атып дәл, Кәміл пірлер болса жар». А.Байт. ~ Бозорыс қайтып көзін ашқан жоқ. Күзетіп отырған Шорабай тұтқын жігіттің қалай жан кешкенін де байқамай қалған. Бәйділданың есі шықты. Енді Толбайдан жылқы даулап алу балай қалып, басы шарға түсті. З.Шүк.