Тиіп-қашып, әр нәрсені бір бастады. ~ Бастакең шал “Қорқыт атаңнан қалған мұра еді” деп талай күйдің басын шалған болатын. Ғ.Біл. ~ Жидеден шаптырған кішкене домбырамды алып, үйдің көлеңкесінде өзім білетін бір-екі күйдің басын шалып отыр едім, Балжан жаныма келіп үнсіз тыңдады. Б.Тоғ. ~ Сәбит Мұқановтың Қытайға ат басын бұрып қайтқанын айтпағанда, Қазақстандағы мүйізі қарағайдай қаламгерлер «Шетел қазағында не бар, не жоқ» онымен санасқысы келмеді. 1990 жылдардың басында «Әлем» альманағы, «Шалқар» газеті біраз нәрселердің басын шалған болды. Кеңестік тұстағы келеңсіздіктер шетелден жалғасын тапты. Ж.Шәк.
