Posted in

БАСЫН ҰСТАДЫ

Әлдебір кәсіппен, жұмыспен айналысты. ~ Бір күні біздікіне бригадир Жағыпар келді. Менің хал-күйімді көріп отырып, колхоздағы қиыншылық жағдайды әңгімеледі. Ақыр-аяғында жеңіл-желпі бір жұмыстың басын ұстасаң қайтеді деген сөз айтты. Б.Соқ. ~ Tiс дәрігерінің көркем әдебиетті сонша түсінетініне іштей сүйсініп: ― Өзіңіз де бірдеңе жазасыз-ау шамасы! — деп сұрады Бек. ― Ертеректе жазғам… Кейін қойып кеттім. Бірнеше мамандықтың басын ұстау қиын… Б.Тоғ. ~ Шал осы таңқаларлық түзу, жатың сөздерді шынымен өзім айттым ба дегендей аңтарылып қап, аз-кем тоқталыс тапты. — Сиырдан бұзау туғанды керіп ек, ал қауын-қарбыз бағу бұзаудан сиыр туғызудың кері, айналайын. — Бұрын езге кәсіптің басын ұстағансыздар-ау? — Шал изеңдеп қалды. — Қой баққамыз. Қараадыр белінің батыс жағын қапталдата қой жайғамыз, қарағым. М.Қаб.