Posted in

БАСЫ ЖҰМЫР ПЕНДЕ

Қарапайым, жұрт қатарлы адам. ~ Сөйлестім. Дәл айтуға менің де батылым жетпеді, оспақтап айтқаныма түсінген – түсінбегенін шамалай алмадым, басы жұмыр пенде емес пе, көмекейі бос сияқты. С.Мұқ. ~ Осы бір тәуліктің ішінде қаншама бақытты кеудеде қуаныштың оты маздап жанбады, қатал тағдыр қаншама басы жұмыр пендесін қайғының қара суығында бүрсеңдетпеді. Осы соңғы топқа мен де қосыламын. Б.Соқ. ~ Елеусіз басы жұмыр пендені осынау жер шарына ұқсатады. Сыртынан қарауға оңай да, ішіне кіруге киын. Т.Әл. ~ Жалғыздың жары құдай деген, Қараман да мен сияқты басы жұмыр пенде шығар. Тағдырдың бұйрығын тәуекелге салып көрейін… А.Сей. ~ Абылайдың өмір соқпақтарының ұзын-ырғасы осындай. Әрине, басы жұмыр пенде ретінде ол кемшіліктен де ада болмаған. С.Ақт.