Posted in

БАСЫ ЗЕҢГІДІ

Басы айналып, мең-зең күйге түсті. ~ Енді аздан соң жұмысқа араласып кетіп еді; бойы бусанып, тула бойы дыз-дыз қайнап, басы зеңгіп жүре берді… Ғ.Сл. ~ Кеше ыстықтап кеп бақырашпен сенедегі үлкен ағаш бөшкеден мұздай су ішкен; сонан ба бүгін күнұзағына басы зеңгіп, тамағы жұтындырмай жүр. М.Сүн. ~ Басы зырқылдай зеңгіп, көз алды кілегейленіп одан арғысы есінде жоқ. Д.Дос.