Бас (жүйке) ауруының бір көрінісі. ~ Тәуелсіздігіміздің бес жылдығына кешірім жасалып‚ түрме босап қалды дегенді естіген. Босаса‚ толтырып жатырмыз ғой». Езуіне күлкі үйірілгенмен бір күн бұрын араққа жығылған адамдай басы сынып әкетіп барады. Қ.Түм. ~ … Арыстың басы сынып барады. Түндегі ішкен ішкіліктен тас төбесі шаншып, аңыратып келе жатқан поездың шақылдаған доңғалақ ұрысы миын шағады. Әлде кім шекесін екі жағынан бұрғылап жатқандай. Н.Сер.
