Posted in

БАСЫ СӘЖДЕГЕ ТИМЕГЕН

Намаз оқып көрмеген, дінге бет бұрмаған адам туралы. ~ Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді-бірге атыстырып, елін қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді. С.Торы. ~ Бейсекей өмірінде басы сәждеге тиген адам емес қой. Онымен құдайды жек көрмейді. Ораза ұстайтын, ғұсыл құйынатын, кейде «құдай бір, пайғамбар ақ лаилаһа иллалла, мұхамбеден рәсулалла» дегенде барлық күнәдан тазарғандай болып, осыны үйреткен Тәшекең хазіреттің аруағына бірді бағыштап жіберетін. Ғ.Мұст. ~ Иә, несін айтасың, Керімбай баласынын бағы асып тұр екен, — деді Тыныбай қызғанышымен бірге сүйінішін де жасырмай. — Өмірі басы сәждеге тимеген кесіксіз Шихалдайдың өзі бата оқырға келіп отырса, ар жағын сөз етіп керегі не? Қ.Жұм.