Тәмам болды, тындырылды. ~ Бұл кезде көптен көкейде тұрған әңгіме, хикаяттардың біразының басы қайырылған, бауырымыз жазылған, шеріміз тарқаған, енді, қаншама жылдардан бергі дайындық жұмыстарын біржола тиянақтап, бәйгелі бабыма келіп, аламан шабуылға түсуім қажет еді. М.Мағ. ~ Мына анализдің формуласын жазып берші… ана есепті шығара салшы». Сөйтіп берші, бүйтіп бершімен-ақ біраз істің басы қайырылып қалған. Т.Сәу. ~ Сөйтіп, ертеңінде күн көтеріле бере жолға шықты. Рульде Сейіттің өзі. Жол үстінде әр қилы әңгіменің басы қайырылды. И.Жақан.
