Posted in

БАСЫ ҚАҢҒЫДЫ

Мең-зең сенделді; миы ашып кетті. ~ Лебедев пе, бір актер таңертең басы қаңғып, аяқ-қолы қалтырап тұрған мына өзі сияқты бір бейбақтың қазіргідей халін керемет шебер бейнелейтін. «Неге солай етпеске?» Т.Сәу. ~ … екі араға ақыл жүрмейді. Айтсаң, қате шығады. Өйткенмен басы қаңғып жүрген дел-сал жанға жылы сөзіңді қимасаң, шөлден ерні кезеріп, қаны қойылған жолаушыға қанжығадағы торсық ашымалдан тамшы татырмай, «Жортқанда жолың болсын!» — деп көлгірсумен тең. М.Қаб.