Posted in

БАС (БАСЫН) ҚАТЫРДЫ

Әлдебір мәселенің шешімін табу үшін көп ойланды, миын ашытты. ~ Шын мәнінде басқа мәселеге — екі сольдоға түрлі-түсті қанша шар алуға болатынына бас қатырып тұрғам. Ч.Пав. ~ Бекеттің ештеңеге алаңы жоқ, инженер дайындайтын техникалық оқу орнының бас қатыратын бытпылдық есеп- қисабына басымен сүңгіп, батты да кетті. З.Қаб. ~ … бағана ат үстінде мазалаған ойдың ұшығын әлі де таба алмай мыж- мыж болып бас қатырған. О.Бөк.