Posted in

БАС (БАСЫ) АЙНАЛДЫ

  1. Мақтанды, масаттанды. ~ Қоян жылы еліміздің абыройын асқақтатқан VII қысқы Азия Ойындарымен басталған. Жетістіктен бас айналды. Қазақстан құрамасы 32 алтын, 21 күміс және 17 қола медальды қоржынға салып, бірінші орынды иемденді. Т.Жақ.
  2. Елітіп, еркінен айрылды. ~ Бір-ақ күнде бақыттан бас айналды, Нешеме жыл қоңырқай жүргеніммен. Қ.Есб. ~ Бас айналды қуаныштан, шаттықтан Бақыт деген осы шығар бұйырған. Қ.Маж.