Posted in

БАС ДЕСЕ, ҚҰЛАҚ (СИРАҚ) ДЕЙДІ

Беталды сөйлейтін, жөн сөзді ұқпайтын адам туралы. ~ Құрекең әлі кейіс қабақпен: – Бас десе, құлақ дейді… Мен нені меңзеп отырмын, сен нені шатып отырсың?! – деді. О.Сәрс. ~ Қарызға ма? Керегі жоқ. Бәрібір өтей алмаймын. — Түу, сен де бас десе, құлақ деп… Ақша — тас алаңда. Пішен. М.Қаб. ~ Біреудің жоқшысы бола қалғанын. Бұ сығырға не айтарсың, бас десе құлақ дейді. Қ.Ысқ. ~ Ту…у, бас десе құлақ дейсіз. Қызба мінезің- ай! Егер қажет болса әйелдер о жағын да сізден сұрамайды. Қ.Жиен.
~ Сәл дауыс шығарып, өз ойымды айта бастасам: «Ақылы аздың – тiлi ащы. Бас десең – сирақ дейдi» деп жер жебiрiме жетедi. Р.Рай.