Мастықтың ертеңінде бас ауырғанын жеңілдету үшін азғана ішімдік ішті. ~ Менің қарауымдағы бір бухгалтер тойда болғанның ертеңінде «бас жазып» келген екен, «қайт үйіңе, көзге көрінбе!» деп дүрсе қоя берді… Б.Тоғ. ~ Таң ата тағы шөліркеп оянған Көкенай «Иждің» бордачегінде қалған 300 гр. спіртті әкеп, бірге сұлаған бес бөріні оятып, бас жазып алып, «ауыл, қайдасың» деп аттың басын елге бұрған. С.Сағ.
