Posted in

БАС ЖОҚ, АЯҚ ЖОҚ

Оқыстан, күтпеген жерден, еш қисынсыз д.м. ~ Шынында да, осыным қалай? Мынау тек қана мінəжат етуге келетін ақ мешітке мен бас жоқ, аяқ жоқ, қалай кіріп кетіп отырмын. З.Қаб. ~ Өзара сыбырласқан боп, оған да естірте: «Әжесі өлгенге неге жыламайды-ей?» – деп қоямыз. Аян естісе де, естімеген адамша міз бақпайды. Тек әлдебір уақытта, бас жоқ, аяқ жоқ: – Ертегі тыңдайсыңдар ма деді? – деді. Онан соң біздің жауабымызды күтпестен өзі бастап үйдің бұрышын айналды. – Жүріңдер, үйдің сыртына отырайық. С.Мұр. ~ – Ендi менiң саған ғана күйеуге тиюiм керек, шамасы, – деген құмығыңқы естiлген үн Жапардың алай-түлей көңiлiн одан сайын қотарып, астаң-кестең жасады. – Неге?! – дедi қапелiмде аузына өңге сөз түспей, бас жоқ, аяқ жоқ мынандай әңгiменi естiген соң жұлып алғандай. Ә.Ыб.