Posted in

БАС ЖОҚ, КӨЗ ЖОҚ

Жөн-жосықсыз. ~ Жә! Көп шуылдаудан не шығады. Бас жоқ, көз жоқ айқайлап қалған халықпыз. С.См. ~ Ғайнолланың қырғи-қабақ әлпетін көріп, Сәмет қарадай шыдамсызданып отыр. Сәмет айтты екен деп, бас жоқ, көз жоқ, түк себепсіз кетіп қалудың жөні келе қоймас. С.Ом. ~ Арада қанша уақыт өтті, кім білсін, бір кезде Сәлиманың даусы шықты: ─ Кәне, қаншығы қайда өзінің? ─ Қаншығы несі? Сәлима бас жоқ, көз жоқ қуыс – қуысты тіміскілей бастады. C.Шай.