Көңілі жайланды, қабағы ашылды. ~ Жұрт арқа-жарқа күліп, бас терілері кеңіп қалады, онымен қоймай: «Әй, Абыралы ма, Абыралы өзіміз ғой, көңіліне кір жолатпайды»,— деген оң пікір түйеді. Ол өстіп мысық табандап ұпай жинайтын. М.Қаб. ~ Әдетте, ол таң азанда ас үйден жуан қарын қытай термосынан шай ішіп, жүрек жалғайтын. Құрысып-тырысқан бас терісі кеңіп, кіртиген көзі тірілетін. Бұл жолы ерегесті, өйтпеді. М.Қаб. ~ Ретін, қыбын тауып айтса, әлгі тесіктен мақтау, қолпаш өтіп-ақ кетеді. Ондайда кейде доптай добал, бірде оқтай түзу тым түсінікті әзіл- қалжыңдарын айтып, бас терісі кеңіп қалады. М.Қаб.
