Қолы ашық, жомарт, көңілшек. ~ Дегенмен бауырымның бас терісі кең-ау, ол тілуге де, күлуге де жетіп жатыр. Алғаш тарылып кеткенімен кейін кеңіп сала беретін кең құйқаға — бауырымның бас терісіне не жетсін деп ойладым. Па шіркін, көн терілі бауырым-ай!.. Б.Қыд. ~ Олар да менің жазғандарым мен аударған еңбектерімді маған сілтеме жасамастан пайдаланып жүреді, е, мейлі, мен – бас терісі кең пішілген кешірімді кемеңгермін! Ғ.Қаб.
