Posted in

БАУЫРЫ ЖАЗЫЛДЫ

Шабысын үдетті; ағыза жөнелді. ~ Ұшқан құспен жарысып, Әбден қызып алғасын Тұлпардың бауыры жазылды. Төрт тұяқтың басқан із Жер ошақтай қазылды, Тақиядай көрмеді Жібек сындай қызыңды. “Қыз Жібек”. ~ Астындағы торы бедеудей бауыры жазылып алған Күнікей, құдай берген өнерді аясын ба? Ж.Айм. ~ Шаппай бәйге алайын деп пе едің? Он бес шақырымсыз аттың бауыры жазылмайды, одан да әрі созу керек, — деп атына сенгендер киіп кетті. Б.Майл. ~ Жануар бауыры жазылған соң, қайыстай созылып, бүктетіле тартты. З.Шүк.