Жүйрік аттың белгісі. ~ Мен мұны туған күні- ақ тұлпар деген едім, сол рас екен, көрдің бе, сырты қысқа болғанымен бауыры жазық, нағыз тұлпардың өзі. Ә.Әб. ~ Ат болатын құлынның, бауыры жазық келер Адам болатын баланың, маңдайы жазық келер. М.-М. ~ Өзі санды, дөңгелек келсе көтті. Сырты қысқа, бауыры жазық келіп, Арты талтақ, ұмасы үлпершекті. Шідерлігі жуандау, бота тірсек Бейне жел тынышты, екпінді мініп жүрсек. Абай.
