Posted in

БАУЫР ЕТІНЕН ЖАРАЛҒАН

Туған баласы, төл перзенті. ~ Қайсысын айтайық, әлі есімде аталас бір ағамыз кіндігінен перзент көрмей, інісі бауыр етінен жаралған баласын қиып ағасына берді де, отбасымен нағашыларына көшіп кетті. Ж.Аяз. ~ “Тоқал байдың бауыр етінен жаралады” деп бауыр басып қалғаныңды мен білмеймін бе?. С.Смат. ~ Перзент десем, бауыр етінен жаралған екі баланы туыстарына тастап, оқымыстыға қашып кеткені несі? М.Қаб.