Posted in

БАУЫР ТҰТТЫ

Туыс көріп, ішке тартты, өзіне жақындатты, жақсы көрді.
~ Қазақ пен орыс төбелесіп жатса, орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды, орысты да бауыр тұтқысы келеді. Ж.Айм. ~ Оны Зиба әпкем біледі екен, Изаға: «Әулиеатаға кел, Төлен майданнан қайтқанша менің қолымда бол» деп хат жазыпты. Ай, бауырмалым-ай, бұрын көрмеген Изаны бауыр тұтып, келінім деп түсініп, жанына шақырғанда қаншама қасиет жатыр… Ш.Мұр. ~ Сол үйде жатып біраз оқыған соң Ташкентке барып, зоотехникумға түскен, оны осыдан бір жыл бұрын бітіріпті. Өзі де Ташкентте оқыған Әли Әбиболланы бауыр тұта бастады. Б.Тоғ.