Posted in

БАҒЫ МЕН СОРЫ

Бағын ашуы да, сор болып қадалуы да мүмкін жағдай. ~ Халықтың тұрмыс халін өз көзімен көру үшін қамқор патшаның анда-санда елді аралайтын әдеті бар. Әкім біткеннің бағы да, соры да осындайда. Т.Сәу. ~ Жазған табиғат сыйға тартқан он сегіз саланың, тым құрығанда бір рет уағы келіп, мезгілінде өзінен-өзі түскен жоқ… Иә, он сегіз сала – тек Кербұғының маңдайына ғана дарыған бағы мен соры… О.Бөк. ~ Өйткені күй өнерін жан дүниесімен сүйе білетін нәзік талғамды Күнкөсемнің шырт ұйқысынан күй үні ырғағын бұзбай оятып, оның көңіл күйі дөп басып шығу – күйдің ырғағы және күйшінің бағы мен соры. Ж.Баб.