Posted in

БАҒЫ ҚАЙТТЫ (ҚИСАЙДЫ)

Жолы болмады, сәтсіздікке ұшырады. ~ Бірақ жәй ойлағаны болмаса, ұсақ аң емес, сойылмаған бітеу қасқырды атқа өңгерсе, жүйрік аттың бағы қайтады дейтін ырымды білетін аңшы қынындағы кездікті суырды… С.Жүн. ~ Әдетте, ұрыста бағы қайтқан отырықшы елдің әскері ешқашан қайырылып соға алмайды. Т.Әсем. ~ Бұл күнде бәрінің бағы қайтқан. Бәрі де баяғы аруағынан айрылған. Ә.Нұрп. ~ Жыл өтер-өтпесте Тобылдан тағы бір елшілік тағы келді. Үлкен орданың тағынан қағылып, бағы қисайғандай боп жүрген Қайыптың иығы қайтадан шыға бастады. Ә.Кек.