Мұздай болып дайындалды, бес қаруын сайлады. ~ Бақайшағына дейін қаруланып, мұздай қүрсанған бес мың адамдық қолды бастап аға сұлтандар Ахмет Жантөрин мен Баймағамбет Айшуақов, полковниктер Генс пен Бизянов тамыз айында Орынбордан шықты. С.Ақт. ~ Оныңыз рас, Феодор Афанасьевич, күрес қиындықсыз, күрес шығынсыз болмайды. Осыдан бір жеті бұрынғы айқас ең бір ауыр айқастың бірі болды. 19 ай қорғану оңай ма! Ақтар бақайшағына дейін қаруланған. К.Қаз. ~ Шәкең құдасы кіреберістен қайтты. «Құда деген үйге бас сұқпаушы ма еді! Бірақ, бақайшағына дейін қаруланған пәленің үйге енгені де жаман ырым. Қазақ қылышын тастап кіруші еді ғой. Кірмесе, кірмей-ақ қойсын…» С.Сағ.
