Басынан аяғына дейін, түгел, тұтастай. ~ Баяғыда,сен жассың, бiле бермессiң, ел жаңа-жаңа қалқоздаса бастағанда, Ақмырза қажы көтерiлiс ашты емес пе? Соған қатысқан кiсiлер ұсталып, жазасын алды. Ояғын ана әгент Төлес Әлмақан бар ғой, иә, сол бақайшағына дейiн жақсы бiледi. Б.Алд. ~Таң сәріден тұратын Ақан, «тіл-көзден аулақ болсын» деп, оның үстіне кейбір сыншылардың атының тұла бойын сүйеммен өлшеп, бақайшағына дейін мінейтін мінезін жақтырмай, Мөңкеге жетектетіп, айдалаға жеке жіберген. С.Жүн. ~ Керауыздың үрей шақырған өксігі мен Мешелдің өңменнен қадалған мұңды жанары әлгібір тұңғиық судағы өз көлеңкесін Бекеттің есіне салды да бақайшағына дейін шымырлап, сасқанынан іргеге теріс тоңқая қалды. Қ.Ысқ. ~ Ахтан орталыққа барғандағы тындырған шаруасын Қар- мысқа бақайшағына дейін шағып айтып берді. Ө.Кәр.
