Жалпақ бас; сиықсыз, нашар, бишара. ~ Жаздың күнінде аяғына екеуі екі пұт шығатын, шұбар табан, бақа бас көн етік киіпті. Б.Қыд. ~ Бақа бас қызметкердің ойы — басқа. Бақа бас қызметкер бастық атаулыға қарсы емес-ті. О.Сәр. ~ Еркек шіркіндер ғой опасыз. Көзі тіріде бақа бас еркектің алтын басты әйелді аяққа басып, үстінен жүріп, өлгесін де төсектегі орны суымай жатып, сұқақтап әйел іздейтінін қайтерсің бұлардың?..» Ә.Нұрп.
