Бақытты болуын қалады, игі тілегін айтты. ~ Қош уақыт, құтты қадам, елім кепсің, Аға, іні, құрбы-құрдас, келін – кепшік. Айналдым аузындағы ақ тілеуден, Батырға бақ тілепсің, өрле депсің… М.Әу. ~ Сен менi ойламайтын да шығарсың, бәлкім!.. Бiрақ, мен сенi санамнан шығарған емеспiн. Бақытты болшы, жаным, тек тiлерiм сол! Бiрақ, сүйгенiңе бақ тiлеп, бақытсыз боп жүргеннің, несi жақсы?!. Мүмкін, мен де бiреудiң шаңырағына бақыт әкелермiн!.. Десе де, жүрегiм жаралы… Д.Рам. ~ Құдайдан маңдайына бармақтай бақ тілеген әйел сорлы басын бәйгеге тігіп, тәуекелге бел буып шықса да, жеме-жемге келгенде артына қарайлап жіпсіз байлана беретін әдет емес пе? Ә.Нұрп.
