Бағаламады, құндай білмеді, өз бақытынан өзі безді. ~ Қазақ өзiн космосқа көтерген Құдыреттiң қадырын бiлген жоқ, бақытын басқа тептi. Т.Сәу. ~ Үрия. Ендеше білгенді тыңда! Өзі келген бақытты басқа теппе, көкешім. Осы ауданда Қалабайдай жан бар ма: сымбат қандай, түр қандай, көркіне кісі тойғандай. Ә.Тәж. ~ Көрдің бе мынау иттің басынғаны-ай, Түсірсек екен мұның бәсін қалай! Бейшара-ай, өз бақытын басқа тепкен Қасиетін не құндамай, не сыйламай. К.Мырз. ~ Осыдан екі жыл бұрын сәті түскен. Содан бері ол менің қызым. Жиырма күн болып қалды, бақытын басқа тепті. А.Нүс. ~ Еркек шіркін жалынан сипаса, жанына торсық байлатпастың тап өзі: бақытын басқа теуіпті, ақымақ айғыр! М.Қаб.
