Posted in

БАҚЫТҚА БӨЛЕДІ (БӨЛЕНДІ)

Қуанышқа кенелтті, рахат сезімін сыйлады. ~ Ай сәулесі түнгі ұйқыны күзетіп, бақытқа бөлейді. Б.Мом. ~ Мұндай жексұрынға керегі осы, өзінен басқалардың қасіреті оларды бақытқа бөлейді. Дж.Сэл. ~ Достық – адамдарға шынайы сезім шуағын, көңіл қуатын жеткізетін, бақытқа бөлейтін нәрсе. Ә.Ысқ. ~ Бақытқа бөленіп тұрып, мейірімді Фатиманы сағына еске алатын. А.См. ~ Түгел аяулы Ақсәніне жар болып, бүкіл өмірінде бауырына басып, бақытқа бөленген талайлы шалға қызыға да, қызғана көз жіберді. Ү.Жлк.