Posted in

БЕБЕУ ҚАҚТЫ

Азар да безер болып, зар иледі; тыным таппай қақсады. ~ … су көзіне тезірек жетуіне себепші етіп, бейуақта бебеу қақты мұңдап ақын. Қ.Бек. ~ Қолындағы қу томар бебеу қағып кеп, соңы зарға ұласады. Жансыз, жақсыз ағаш та сөйлейді екен-ау. Р.От. ~ Малыбай ғана етегін белдігіне қыстырып, кереге басындағы көнетоздау малақайын қолына алды да шығып кетті. Ән тағы да толқып, күй қайта бебеу қақты. К.Қаз. ~ Оқығанда – бұған дейінгі даусында түгесілмес мұң болса, бұл жолғы мақамына бебеу қаққан зар араласады: – «Бүгінгі дала жай болып сарылған, бүгінгі əн мұңайған, жүдеу, қаралы… З.Қаб. ~ Сумаңдаған суық ой өзегін тілгілеп жіберді. Тілгілеп жіберіп, бұл иттерден бәрін күтуге болады деп бебеу қақты. Н.Дәу.