Posted in

БЕДЕЛ (БӘДЕЛ) ҚАЖЫ

Біреудің өсиетімен жасалған қажылық. ~ Есенейдің орнына бедел қажы болып Мекеге барып келсем қайтер екен? Ғ.Мүс. ~ Марқұм Түркістанға барып бедел қажы атанып, артынан Меке-Мәдинеге және барып қайтқан. Т.Әс. ~ Шырақсыз едім жалғаннан, Шырағымды жандырсын! Жас тілегін берейін, Тәубе қып көңілін қандырсын. Жеті кісі орнына Бедел қажы бардырсын. “Қажының ауылы” — дегізіп, Бір белгі маған қалдырсын! М.-Ж.Көп. (“Нүсіпхан”) ~ Жұмысым, белсенді кедей едім. Осы елдегі. ” Арыстанбайдың Мұқышы” дейтін мен боламын. Батырақтар көрісінен қалқозымызға орын келген екен, соған мені жібер десем, бастығымыз жібермейді. Бастығымыз оңбаған неме, әкесінің әкесі бәдел “қажыға” барған кісі. Өзін түсіртіп тастамасам болмас… Б.Май. ~ Құдай да түзей қоймаған соң, хиянат кеулеген елден кетсем, Меке, Мединенің бірінен топырақ бұйырса, деп жүргенде жылқылы Жолжан өлді. Соның өсиеті бойынша енді бедел хажыға бармақ. Ғ.Мұст.