Әлімжеттік қылды, күшке басты; дегенін істеді. Зорлық қылды, күш көрсетті. ~ Бүгін Зейнеп сол үрдісті белден басып бірдеңе дей қалса, санына біз сұғып алсаң да үн шығармайтын Тілеудің ішінен неге жоритынын кім біліпті. Ә.Кек. ~ Екі күн бұрын алған жалақысына белден басып Зухраға финдік қыстық етік алып берген. Т.Сәук. ~ Сөйтіп өтсем бедеулігімді бет ұрғаным, тәңірінің бермегенін пейіл-ниетіммен белден басып алғаным болмас па еді. Н.Дәу. ~ Сыланайын десем байдан қорқам, сыланбайын десем тоқалдан қорқам дейтін бәйбіше болсам деген арманым бар еді. Ондай ниетімнің белінен басқыларың келген екен. АҚ “Арпалыспен…” ~ Жер бетінде қыбырлап жүргендер, жыбырлап жүргендер сол Ұлы Құдіреттің таразы, тезінен құтыла алмасы хақ деп біледі. Хансұлудың көзі соған жеткен. Әділет, адалдықты белден басып Ждақай тәрізді дүниені былғап жүргендерге таң қалады. С.Ел.
