Posted in

БЕЛДЕН БАТТЫ

Молынан кірікті, кенелді, белшеден батты. ~ Б а з а р б а й. Міне, қызық!.. Сен қызыңмен Мыршымға белден батқанда. Сүйіп-құшып екі ғашық Мауқын басып жатқанда, Сүйек күткен иттен жаман, Көзін сүзіп отырған жан Нағыз бір құдай атқан да! Ж.Айм. ~ Кедейлік жаншып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Ғ.Мүс. ~ … қатары ыдыраңқырап, біразы бұл жосықсыз лайсаңның батпағына белден батып, ол ұйық түбіне тартып бара жатқандықтан, олардан безіп, көз көрмес, құлақ естімес, елден жырақ, қыбайға тартты. Б.Қыд.