Қаулап өскен шөптің биіктігі, судың тереңдігі туралы. ~ Бұрын балаусасы белден келетін көк шалғындар, шалқыған дариялар оты мен саясы мол қыртысты таулар қайдағы бір сүзіткі сүйреткен, өгізге еріп, соқа ұстап жер тілімдеген қара шекпендерге бұйырды. Ә.Кек. ~ Жағасын айбалдырған мен ақшуағы аралас белден келер көгал шөп көмген, жұлындай боп жер астынан шығып жатқан, сылдыр қаққан жіңішке бұлақтар. І.Ес. ~ Жұрт бірінші күнгі сәскеден бастап– ақ төрт тараптан бірдей құйыла бастады. Мырза да исі қазақ ұлтын жинар жерді тапқан– ақ! Шалғыны белден келетін мидай жазық. Т.Жұр. ~ Бір кезде қар ойылып кетіп, белден келер тереңге гүмп еттім. Мыңбұлаққа жеткенімді сонда ғана білдім. Ә.Нұрш.
