Posted in

БЕЛДЕН БЕЛ (БЕЛГЕ) АСТЫ

Талай белді артқа тастап, ұзап кетті. ~ Майсордың бұлағына бір түнеп, малды шалғынға шеміршектетіп алып, қалың қаулы, жауылшалы, жоңышқалы, бетегелі бұйрат пен белден бел асып отырып, Шақшан адырының түбінен Шідертіге қылт ете түсесің. Ж.Айм. ~ Нәзік сыңғыр күмбірлеп көбейіп, сыңғырлап ұлғайып, белден бел асып, аспандап ұзамай ма? С.Смат. ~ Белден бел асып жалғыз қашқан асауды жылқышылар кезектесе қуып ақыры титықтата шаршатып үйіріне қосып, үйірді жабыла айдап қораға беттеткен- ді. С.Елу. ~ Кілттің аузын ашармын. Сен жатсаң да, мен жатпан, Қанікейдей көрікті қыз, Тінікейдей текті қыз,- Екеуін алып қашармын. Жау қолында жылатпан, Күймеге салып екеуін, Белден белге асармын!» “Қара Қыпшақ Қобыланды”.