Posted in

БЕЛУАРДАН КЕШТІ

а) Белінен келетін шөп, қар, суды басып өтті. ~ Суықпен осылай арпалысып, жолды көлденеңдей жал-жал боп ыққа үймелеген оппа қарды кейде тізеден, кейде белуардан кешіп, базар алабынан Ботагөз аман етті де, слабодкаға кірді. С.Мұқ. ~ Экранда кіп-кішкене ақ үрпек қыз көк шалғынды белуардан кешіп, жүгіріп келеді. М.Қаб. ~ Ленинград қорғанысында белуардан шалшық су кешіп, лайсаң окопта, күздің суық жаңбыры мен немістің ыстық оғының астында тапжылмастан бір ай тұрған. Ш.Мұрт.
ә) Неше түрлі қиындықты басынан өткерді. ~ Осы кезге дейінгі өмірі ат үстінде өтіп келеді. Соқтықпалы-соқпақты күрделі жолдан өтті. Жан азабын шекті, қайғы-қасірет теңізін белуардан кешті. Д.Рам. ~ «Бәле, жас жігіттің өмір көргені жаксы. Ол – соғыстың сұрапылын белуардан кешіп келген азамат. Енді ел өміріне қансын. Ә.Нұрш.
б) Белшесінен батты; молынан татты. ~ Осы кезге дейінгі өмірі ат үстінде өтіп келеді. Соқтықпалы-соқпақты күрделі жолдан өтті. Жан азабын шекті, қайғы-қасірет теңізін белуардан кешті. Д.Рам. ~ Азғындап-тозғындап тіршіліктің қоқысын белуардан кешіп жүрсе де, осынау тамшылар көкірегінің әлдебір кір шалмаған терең қатпарынан шымырлап шығып жатқандай. Т.Сәу.